Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметті цифрландыру - басты міндет

Мемлекеттік қызметті цифрландыру - басты міндет
Фото: © iStock 11.08.2023 15:55 549

Мемлекетке қызмет ету білімінен емес мінезден,- деп Әлихан Бөкейханов атамыз айтқандай, қазіргі таңда Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласының өзіндік моделі қалыптасып келеді. Тәуелсіздік алған уақыттан бері әр елдің тәжірбиесі зердленеіп, мемлекетке, халыққа, жалпы қоғамға пайдалы қызмет түрлерін қарастырып, реформалар жасалып келеді. Заман өзгеріп, ақпарат арналары аққан жұлдыздай жылдамдаған заманда ескі әдіспен өмір сүру мүмкін еместігін мемлекетте оның негізін құраушы халықа та түсінді.

Мемлекетік қызмет саласы шетелден білім алып, тәжірибе жинақтаған «Болашақтың» мыңдаған жастарымен толығып келеді. Дегенмен де мемлекеттік қызметке түсудегі Кеңестік кезеңнен қаңға сіңіп, бойға тарап кеткен туысшылдық, жершілдік, таныстық принциптерімен жұмысқа қабылдау әлі де бар екені өтірік емес. Көп жағдайда азаматтың білімі мен тәжірбиесіне қарап емес, жақындығы мен жағымпаздығын бағалайтын жолдарды таңдайтындар баршылық. Әрине, осындай сауатсыз кадрлардың кесірінен жаппай жемқорлық жайлап, мемлекеттке миллиардтаған соманынң зияны келіп жатқаны рас. Қоғамның айықпас дертіне айналған жемқорлықтың кесірі мемлекеттік қызметке де кесірін тигізіп келеді.   

Санасыз басшылар мен сауатсыз мамандардың өзара ұйымдасуының нәтижесінде құлқындарын ойлаған, жемсауытын толтыруды ғана көздейтін сыбайласқан топ құрылатыны сөзсіз. Ал халықтан кішірейіп, қарапайымдылық таныта білмеген тәкаппар басшылар мен қызметкерлер де аспанды қолымен тіреген осындай сыбайласқан топтардан шығары сөзсіз. Халықпен тіл табысу, халыққа қызмет ету мемлекеттік қызметтің басты принциптерінің бірі. Ел болған соң түрлі пікірлер, алуан ойлар болары сөзсіз. Алайда, заман өзгерген сайын азаматтардың да қажеттіліктері, ауыр тұрмыс, мойынға мінген миллиондаған несие, қымбатшылық сынды экономикалық проблемалар эмоциялық проблемаға айналып жатқаны ақиқат. 

Сондықтан да қандай да болсын эмоциялық проблемаларға төтеп беру және тілін тауып көмектесуге тырысу, проблеманы толық шеше алмаса да оны шешудің жолдарын қарастыру үшін кәсіби маман болу қажет. Кез-келген мемлекеттік қызметкер өз ісінің маманы бола тұрып, тарих, әдебиет, мәдениет пен психологияны зерттеген болғаны жөн. Мемлекеттік қызметкерлердің қарапайып сөздермен (қағазға қарамай) ұлылардың сөзінен келтіріп, нақты дәлелмен қарапайым тілмен сөйлейтін, көшеде жаяу жүріп, анйласы мен амандасып, емен-жарқын араласатын басшыларды жақсы көреді. Өкінішке орай, көп жағдайда біздің жергілікті басшыларымыз халықты пульт сияқты көреді. Кабинетте отыфрып, кнопканы басып отырам деп есептейді. Ең үлкен қателік осында. Ұзын сонар көмекшісі жазып берген баяндаманы жиырма минут оқып, сол ауылдың қордаланған проблемасын жарты сағатта шешіп тастадым деп есептейді. Екінші қателік, ауыл, аудан тіпті облыс басшылары өз алдына жол, су, жарық мәселесін шешсем болды. Халық маған риза деп ойлайды. Өкінішке орай, дәл осылардың бірінші проблема екені рас болған мен рухани жұмыстармен идеологияның жоқтығына аса мән бере бермейді. Кеңес Үкіметі кезінде жол да, су да, жарық та болмаған ауылдар болды. Алайда идеологияның ауыр машинасы дөңгеленіп, әр ауылға, әр азаматқа жетіп, жақын арада «коммунизм» орнайды, сол кезде барлығы болады. Америкадан асып түсеміз деген алдамшы үмітпен өмірлерін өткізді. Міне идеологияның қандай мықты құрал екенін осыдан байқай ьеруге болады. Сондықтан да әр басшы өз басқарған өңірдің тарихы, мәдениеті мен әдебиетін, рухани саласына да аса мән берген жөн деп есептеймін.

Сонымен  мемлекеттік қызмет — бұл адамдардың әлеуметтік қызметінің бір түрі. Бұл ұғым меншік нысандарының тәуелділігіне байланысты, адамдардың органдар, мекемелер, бірлестіктердегі, ұйымдардағы қызметті жүзеге асыруларына және қызметкерлердің функцияларын орындау сипатына қарай қызмет мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді.

Мемлекеттік қызмет кең және тар мағынада түсінілуі мүмкін. Кең мағынада мемлекеттік қызмет деп мемлекеттік органдарда, мекемелерде, көсіпорындарда және ұйымдардағы еңбек қызметі мен қызметтік функцияларын орындауды айтуға болады. Ал тар мағынада мемлекеттік қызметші деп мемлекеттік билік органдарында қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауын айтуға болады.

Мемлекеттік қызмет арқылы мемлекеттік органдардың міндеттері мен функциялары жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік қызмет түрінің мемлекеттік-өкімдік сипаттамасы бар және оны мемлекеттік қызметшілер деп аталатын азаматтар жүзеге асырады, яғни мемлекеттік органдарда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматын айтамыз. Бұл ресми терминдер және мемлекеттік қызметтің түсінідірмесі. Президентіміз Қ.Тоқаев мемлекеттік қызмет саласын жетілдіру туралы нақты тапсырмалар бергеннен соң Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік бірқатар жаңашылдықты енгізуді қолға алды. Оның бастысы мемлекеттік қызметке қабылдау процессін жеңлдету және цифрландыру. Өкінішке орай, қазіргі таңда мемлекеттік қызметке түсу үшін тоғыз заңннан тест тапсырасыз. Одан кейін онға жуық адамның алдынан әңгімелесуден өтесіз. Алайда, әр лауазымға алдын ала дайындап, «жоғарыдан тапсырма» беріп қойған адам үшін өткізіледі. Қалған үміткерлерге түрлі сылтаулармен баллдарыңыз жетпейді дей салады. Ал әңгімелесу хаттамалары мен әр сұраққа комиссия мүшелері қойған балл бағалары жария етілмейді. Сонымен кей жағдайда жастардың мемлекеттік қызметке түсуден көңілі қалады да не жұмыссыздар қатарын толықтырады немесе шетелге жұмыс іздеп кетеді. Бұл қазіргі таңда нақты орын алып отырған проблема. Осыны жөнге салып, тиісті шара қабылдау мақсатында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау рәсімін цифрландыру шараларын қолға алды. Әзірше пилоттық жоба ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Ақмола облысы мен Шымкент қаласы әкімдіктері таңдалып алынып жүзеге асыру басталды. Жоба толығымен ақталса барлық мемлекеттік органдарға енгізілетін болады.

Мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау рәсімін жеңілдету, азаматтар үшін мемлекеттік қызметтің барынша ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Агенттік мемлекеттік қызметке іріктеудің автоматтандырылған алгоритмін әзірледі.
Конкурстық рәсімді өткізу оны толық цифрландыруды көздейді. Конкурстық рәсімнің барлық кезеңдері онлайн түрде қашықтықтан (24/7) өткізіледі. Енді азаматтарымыз әлемнің кез келген нүктесінен және қалаған уақытында конкурсқа қатыса алады.

Үміткерлерге мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін іріктеу кезеңдерінен өту кезінде иесіздендіру және анонимділікті қамтамасыз ету үшін ID-нөмір беру көзделген.

Сондай-ақ «адами фактордың» ықпалын болдырмау үшін конкурс рәсімнің ашықтығын тәуелсіз прокторинг жүйесі қамтамасыз етеді.
Осылайша, жаңа іріктеу форматына сәйкес конкурстың қорытындылары ақпараттық жүйемен дербес шығарылады.
Тестілеу жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің саны екі еседен астамға, 9-дан 4-ке дейін қысқартылды.
Тестілеуден өту мәндері барлық НҚА бойынша сұрақтардың жалпы санынан (55 сұрақ) кемінде 30 дұрыс жауапты және әрбір НҚА бойынша кемінде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Іріктеу конкурсты өткізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады, ол мыналарды көздейді:
1) Жеке қасиеттерді бағалау. Сұрақтардың жалпы саны – 130. Шекті мән-жауаптардың растық деңгейі 50%.

2) Мәтіндік және сандық ақпаратпен (SHL) жұмыс істеу қабілетін бағалау.
Әрқайсысы 25 сұрақтан тұратын екі блокты құрайды, барлығы 50 тапсырма.

Өту шегі белгіленбеген. Үміткерлердің жалпы санының жартысы, бірақ кемінде үшеуі эссеге өтеді; егер эссе болмаса, онда үшеуден артық емес қатысушы әңгімелесуге жіберіледі.

3) Эссе жазу. А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-O-1, D-R-1, E-1, E-R-1, санатындағы басшылық лауазымдар үшін міндетті кезең. Мемлекеттік органның кадр қызметі эссе тақырыптарының тізімін қалыптастырады, ол жүйеде орналастырылады және жүйемен кандидаттың жеке кабинетіне жіберіледі.

Эссені үміткер жүйеде онлайн режимде тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында, жүйемен айқындалатын кестеге сәйкес жазады және мемлекеттік немесе орыс тіліндегі екі жүз сөзден аспайды.

4) Мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу.

Жүйемен үміткердің жеке кабинетіне жіберілген сілтеме бойынша бейнебайланыс режимінде жүргізіледі. Үміткерге бос лауазым бойынша және алдыңғы жұмыс орындарының қызметтік функционалдық бағыттарына сәйкес жеке қасиеттері тұрғысынан жалпы сипаттағы сұрақтар қойылады. Яғни, функционалдық бағытына сәйкес кәсіби сұрақтар қойылмайды.

Жаңа іріктеу жүйесі екі әкімдік пен үш орталық мемлекеттік органда 1 наурыздан басталды және ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.

Күні бүгінге 5 мемлекеттік органдағы конкурстарға 932 үміткер қатысып, оның ішінде 163 үміткер конкурстың  жеңімпазы атанған.

Сондықтан да әркімнің елге қызмет етуге құқы бар. Білімді жастар мен білікті мамандарды тарту арқылы еліміздің кемел келешегі үшін еңбек ету, жемқорлықтан ада, жүрегі таза, мемлекетшіл жастарды тәрбиелеу қоғамның да биліктің басты міндеті. Жақсы маман атану – белгілі бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін қызметтің маңызды бөлігі.

Әр саланың өз маңызы, артылар жүгі, міндеті бар. Салмағын сараптап, жауапкершілікті сезіне білген қызметкер үшін істің ауыры болмайды дегендей, барша мемлекеттік қызметшілердің абыройына, қызметіне сенім артуға болады.

Мемлекеттік қызметші өзгелерге өзінің ісімен, әділдігімен, қарапайымдылығымен, сабырлылығымен, шыншылдығымен, отансүйгіштігімен үлгі болуы керек. Мемлекеттік қызметкер болу абыройлы іс екенін естен шығармаған жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға