Жаңалықтар

Мемлекеттік органдар арасында дауларды шешу жөніндегі өкілеттіктер Үкіметке беріледі

Мемлекеттік органдар арасында дауларды шешу жөніндегі өкілеттіктер Үкіметке беріледі
Фото: © El.kz 13.03.2024 10:53 403

Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әділет министрі Азамат Есқараев баяндағандай, заң жобасы 3 негізгі бағытты көздейді. Біріншісі – жария – құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Азаматтық процестік кодекстен әкімшілік әділет аясына көшіру. Оларға «Нормативтік құқықтық актінің заңдылығын даулау туралы істер бойынша іс жүргізу» АПК-нің 30-тарауы және «Азаматтық хал актілері жазбаларының дұрыс еместігін анықтау туралы істер бойынша іс жүргізу» АПК-нің 44-тарауы жатады.

Екіншісі – Үкіметке мемлекеттік органдар және мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы заңнамалық нормаларды түсіндіру жөніндегі дауларды шешу жөніндегі өкілеттіктерді бекіту. Әділетмині мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы дауларды ӘРПК ережелері (дауларды сотқа дейін реттеу) және Үкімет регламентінің ережелері бойынша қаралатын тәсілді әзірледі. Үшіншісі – әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманың жекелеген нормаларын одан әрі түзету, сондай-ақ ӘРПК-ке тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу, - деді министр.

Бұдан басқа, дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібінің болмауына байланысты қайтарылған талап-арыздардың санын қысқарту көзделеді (бұл да сот органдарына жүктемені азайтады), мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артады, өйткені олардың әрқайсысында шағымдарды қарау тәртібінің нақты иерархиясы айқындалатын болады, яғни қабылданатын даулар үшін «жауапкершілік» сияқты түйінді индикатордың күшеюі байқалатын шешім.

Заң жобасында әкімшілік рәсімдер тәртібін жетілдіруге және «құқықтық вакуумдарды» нивелирлеуге бағытталған басқа да түзетулер көзделеді. Мысалы, тыңдау процедурасын неғұрлым нақты реттеу, оны жүзеге асырудың мүмкін нысандарын белгілеу және тағы басқалар, - деді министр Есқараев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға