Жаңалықтар

Мемлекеттік кеңесші Сарапшылар форумына қатысты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Мемлекеттік кеңесші Сарапшылар форумына қатысты
Фото: Ақорда 19.10.2022 18:27 1179

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстанның саяси жаңғыруы: бағыт және бағдар» атты Сарапшылар форумына қатысты, деп хабарлайды El.kz

Сондай-ақ Форум жұмысына белгілі саясаттанушылар мен әлеуметтік ғылым бағытындағы сарапшылар, академиялық қоғамдастық өкілдері, университет оқытушылары атсалысты.

Ерлан Қарин қазіргі сайлаудың логикасы биылғы республикалық референдумда қабылданған Конституциялық реформадан туындайтынын айтты.

 Мемлекеттік кеңесші бүгінгі саяси ахуалға тоқталып,  алдағы сайлау науқандары қолға алған реформаларды іске қосудың және барлық негізгі саяси институттарды қайта жаңғыртудың тетігі екенін ерекше атап өтті.

Ерлан Қариннің пікірінше, саяси реформаларды іске асыру арқылы мемлекеттік институттар арасындағы қарым-қатынастың жаңа принциптері қалыптасады. Сонымен қатар билік тармақтарының оңтайлы теңгерімі жасалады. Нәтижесінде билік институттарының «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы бойынша тұрақты жүйесі құрылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға