Жаңалықтар

Мемлекеттік басқару академиясы Италиямен меморандумға қол қойды

Мемлекеттік басқару академиясы Италиямен меморандумға қол қойды
Фото: t.me/aqorda_resmi 20.01.2024 04:36 475

2024 жылдың 18 қаңтарында мемлекет басшысының Италияға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен Италияның Ұлттық басқару мектебінің (Italian National School of Administration) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Меморандум аясында екі мемлекет арасында ынтымақтастықты тереңдету, мемлекеттік саясат және мемлекеттік басқару бағыттары бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және құзыреттіліктерін дамыту, сондай-ақ қолданбалы зерттеу бойынша әріптестікті нығайту көзделіп отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесуде БҰҰ, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі және ЭЫДҰ аясындағы әлемдік аренада ортақ мақсаттарға қол жеткізу ісіндегі екі елдің табысты ықпалдастығына арнайы тоқталды.

Кездесу барысында қабылданған бірлескен мәлімдемеде қазақстандық және италиялық жетекші университеттер, атап айтқанда, ғылым және технология бағытына маманданған университеттер арасында жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтудің маңыздылығын атап өтілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға