Жаңалықтар

Мемлекетті қызметші қандай болуы керек?

Мемлекетті қызметші қандай болуы керек?
Фото: ©El.kz/Бақытжан Отарбаева 21.09.2023 18:03 1167

Осы сұрақ мемлекеттік қызметшілер мен БАҚ арасындағы коммуникация тақырыбында өткен дөңгелек үстелде талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.  

Академия профессоры Бауыржан Боқаевтың айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері олардың коммуникациялық дағдысы орташадан жоғары деп есептейтінін көрсеткен, бірақ әлі де жетілдіру қажет екен.

4606 мемлекеттік қызметшінің арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері көрсеткендей, көпшілігі (76,2%) кәсіби коммуникациялық құзыреттілік деңгейі орташадан жоғары және жоғары деп есептейді,- дейді ол.

Бизнес тренер Жанна Ибраеваның сөзінше, мемлекеттік қызметшілер бірінші кезекте қазақ тілін білуі керек. Сондай-ақ ол мемлекетке қызметкерге қажетті қасиеттерді тізіп берді. 

Эксперттік қабілетімен бірге жақсы сөйлей де алуы керек. Олар неден қорқады? Басшылықтан, халықтың сынынан, әлеуметтік желіде талқылаудан. Олар журналиске сұхбат беруге соғысқа баратындай дайындалады,- деді ол. 

Сондай-ақ ол спикер аудиториясын зерттеп, соған сай дайындық жүргізу керек екенін айтты.

Қарағанды облысы әкімі басшысының орынбасары Марина Шаповалова өз тәжірбиесімен бөлісті. 

Біз журналистерді бөлмейміз. Барлығымен ашық қарым-қатынас орнатуға тырысамыз. Біз үшін “комментарий бермейміз” деген ұғым жоқ. Барлық сұраққа түсініктеме береміз. Ең бірінші назар аударғанымыз - әлеуметтік желілермен жұмыс болды. Өйткені бұл - коммуникацияның жаңа формасы. Біз мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желіде барынша ашық болуға кеңес береміз. Өйткені жай ғана докладты оқып беру мен тікелей коммуникацияға келу екі түрлі ұғым. Сұрақ-жауап форматында өткіземіз. Әр сәрсенбі сайын қала, аудан әкімдері тікелей эфирге шығады,- деді ол.

Белгілі журналист Айгүл Мүкей мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желіні әлі де сәтті пайдалана алмай отырғанын жеткізді.

Мемлекетті қызметші қандай болуы керек?

Әлеуметтік желіде көп проблемалардың астына Президентті белгілейді. Бұл жергілікті әкімдердің жұмысы ақсап жатқанының көрінісі. Өйткені әкімдер әлеуметтік желіге халықтың алдына шығып, сұрақтарға жауап бергісі келмейді. Мен мемлекеттік қызметші достарымды қарап шықтым, олар әлеуметтік желіге статус қоймайды. Мұндай бөлектену жақсылыққа апармайды,- деді ол.

Академияның зерттеу институтының директоры Айгүл Көшербаева “Көшбасшы болып туа ма, әлде қабілетті жетілдіру арқылы қалыптастыруға бола ма?” деген сұраққа жауап берді. 

Мен жастарға көшбасшылық қабілетті жетілдіру бойынша сабақ беремін. Студенттермен осы тақырыпты жиі талқылаймыз. Бұл нақты жауап таба алмайтын сұрақ. Екі жауап нұсқасымен де келісуге болады. Көшбасшылық қабілет туа бітті талант. Бірақ оны жетілдіру қажет,- деді Көшербаева. 

Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі басшысы Рахат Жақсыбай “Ақпараттық саясат қайда бара жатыр?” деген сауалға жауап берді. 

Мемлекетті қызметші қандай болуы керек?

"Дамыған елдерде адам басқарады, дамушы қоғамды жүйе басқарады” деген түсінік бар. Біз дамушыдан дамығанға ауысып жатырмыз ғой. Сондықтан бізден бұл жағы әркелкі. Өйткені ораторлық қабілеті жоғары әкімдер қызметке келсе, сол әкімнің ситуацияға ықпалы болады. Ал халықтың алдына шығудан қорқатын әкім қызметке келсе, жағдай бірден өзгереді. Мемлекеттік мекеменің ашықтық саясаты өзгереді,- деді ол.

Оның сөзінше, ауыл тұрғындарының 10/9-ы мобильді интернетті қолданады. Бұл интернеттегі коммуникацияның қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. 60% адам интернетті тек мобильді құрылғылар арқылы ғана алады. 

Біз қазір өмірімізді әлеуметтік желілерсіз елестете алмаймыз. Пайда болғанына 20 жыл ғана болған әлеуметтік желілердің біздің өмірімізде алатын орны мен рөлі жоғары, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға