Жаңалықтар

Мемлекеттен 56 мың отбасы 22,2 миллард теңге жәрдемақы алды

Мемлекеттен 56 мың отбасы  22,2 миллард теңге жәрдемақы алды
Фото: egov.kz 27.12.2022 15:41 3305

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясында балалар жылы қорытындыланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Отырыста ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-минстрі Назгүл Сағындықова балалы отбасыларға бюджет тарапынан жәрдемақының 5 түрі, ал мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының 2 түрі төленетінін айтты.

«Бүгінде балалы отбасының 2 миллионнан астамы жәрдемақы мен төлем алушылар. 2022 жылы мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдердің барлық мөлшері 9 пайызға индекстелді. Яғни 1 қаңтардан бастап 5, 1 сәуірден бастап 4 пайызға дейін жетті. Ағымдағы жылы осы мақсатта 867 миллиард теңге төленді», – деді Назгүл Ерікқызы.

Ал 2023 жылы оны 1,2 триллон теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр. Оның ішінде республикалық бюджеттен 653 миллиард теңге, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 574 миллард теңге бөлінеді. Сондай-ақ вице-минстр балалы отбасыларды қолдау үшін мемлекет тарапынан жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджеттен бала тууынан байланысты бір жолғы жәрдемақы төленгенін айтты.

«Биылғы жылы оның мөлшері 120 840-200 340 теңгеге дейін болса, оған бюджеттен 358 миллиард теңге көзделді. Оны 398 мыңнан астам отбасы алды», – деді ол.

Жұмыс істемейтін ата-аналар үшін 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша бюджеттен ай сайынғы жәрдемақы қарастырылған. Жәрдемақының бұл түрі бірінші, екінші, үшінші және одан кейінгі балаларға 18 317-28 302 теңгеге дейін мөлшерінің ұлғаюы мен баланың туу кезегіне байланысты төленді.

Биылға республика бюджетінен 56 мың отбасы 22,2 миллард теңгеге жәрдемақы алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға