Жаңалықтар

Мемлекет басшысы UPL Limited компаниясының бас директорымен кездесті

Мемлекет басшысы UPL Limited компаниясының бас директорымен кездесті
21.06.2022 22:47 899

Қасым-Жомарт Тоқаевқа  UPL Limited  компаниясының қазіргі жұмысы мен даму перспективалары жөнінде ақпарат берілді, – деп хабарлайы El.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Джай Шрофф Мемлекет басшысына ауыл шаруашылығы саласында заманауи тәсілдерді қолдану, осы саладағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ егін егу және жер өңдеуде қолданылатын қазіргі технология жөнінде айтты.

Қазіргі таңда UPL Limited өнімдері әлемнің 150-ден астам елінде сатылады. Агробизнес – компанияның негізгі табыс көзі. Кәсіпорын дәстүрлі агрохимиялық өнімдер мен басқа да ауыл шаруашылығына қажетті тауарлар өндіріп, сатумен айналысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға