Жаңалықтар

Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
Фото: Ақорда 12.12.2022 10:52 1540

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті кеңейтілген отырысына қатысты деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Бүгін еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталамыз. Алда тұрған басты міндеттерді айқындаймыз. Қордаланған мәселелер аз емес. 11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш – 19,6 пайыз. Мұндай ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр", - деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар мемлекет басшысы президенттік сайлау туралы пікір білдірді.

"Өткен президенттік сайлау азаматтардың мемлекет ұстанған бағытты қолдайтынын көрсетті. Халық алыс болашақта емес, осы жерде және қазір нақты өзгерістерді күтуде. Біз халықтың сенімін ақтауымыз керек. Сайлау бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Оның барлық қызметі уақытылы және толық көлемде жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір министр мен әкімнің жұмысы статистикалық есеп пен баяндама бойынша емес, нақты нәтижелер бойынша бағаланатын болады",- деді президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға