Жаңалықтар

Мемлекет басшысының арнайы шақыртуымен Германия Президенті Маңғыстауға келеді

Мемлекет басшысының арнайы шақыртуымен Германия Президенті Маңғыстауға келеді
Фото: Deutschland.de 18.06.2023 12:19 1013

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 19-21 маусым күндері Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сапар аясында екі ел басшылары келіссөздер жүргізіледі. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге, көлік-логистикалық және энергетикалық қатынастарды дамытуға, сондай-ақ гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге баса мән беріледі. Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен оны нығайту перспективалары қарастырылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Германияның Федералды Президенті Қазақстан мен Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлейді. Екі ел президенттері қазақ-герман бизнес форумына қатысады. Франк-Вальтер Штайнмайер сапар аясында Маңғыстау облысына барып,өңірдің экономикалық әлеуетімен танысады, - деп жазылған хабарламада. 

Бұдан бөлек ГФР Президенті Қазақстан-Германия инжиниринг институтының ашылуына және Svevind швед-герман компаниясының жасыл сутегі өндіретін зауытының сынама бұрғылау жұмыстарын бастау рәсіміне қатысады деп жоспарланған. Сондай-ақ, Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына сапармен баратын алғашқы еуропалық президент болғалы отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға