Жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарағанды облысының азаматтары марапатталды

Құжаттың толық мәтінін Ақорда жариялады
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарағанды облысының азаматтары марапатталды
Фото: Ақорда 05.10.2022 12:13 676

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қарағанды облысының бірқатар азаматы марапатталды, деп хабарлайды El.kz. 

Құжаттың толық мәтінін Ақорда  жариялады.
«Құрмет» орденімен «Үстел теннисі бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ жаттықтырушысы – оқытушысы Эльмира Қайырқызы Әлиева;
«Құрмет» орденімен «Қарағанды облыстық клиникалық аурухана» КМК бөлімше меңгерушісі Евгений Семенович Морозов;
 III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ цех бастығы Алексей Александрович Берг;
 «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Тентек» шахтасының учаске бастығы Артём Иренғайыпұлы Қасымов; «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» ҚБ басшысы Ләззат Таймырқызы Қожахметова;
 «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Kazakhmys Coal» ЖШС «Горный» учаскесінің машинисі Александр Владимирович Комарда наградталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға