Мемлекет басшысы Вьетнам халқына көңіл айту жеделхатын жолдады

 akorda.kz
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда болған «Вифа» тайфуны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ достас Вьетнам халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін, – делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз