Мемлекет басшысы Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

 t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция Корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз Швециямен арадағы қалыптасқан серіктестік қатынастарды жоғары бағалаймыз әрі достас екі елдің игілігі жолындағы байланыстарды тереңдетуге ниеттіміз. Осынау айтулы мереке күні Сізге бақ-береке тілеймін және Швеция халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Оқи отырыңыз