Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Серікзат Дүйсенғазыға көңіл айтты

Мемлекет басшысы Серікзат Дүйсенғазыға көңіл айтты
Фото: Ақорда 04.01.2023 13:06 1536

Мемлекет басшысы белгілі ақын, мәдениет қайраткері Серікзат Дүйсенғазыға ұлы Әлиханның мезгілсіз дүниеден өтуіне орай көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Отбасыңызға зор ауыртпашылық әкелген қаралы хабар бәрімізге ауыр тиді. Ұлыңыз Әлиханның мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты қайғыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. 
Ата-ана үшін перзентін жоғалтудан асқан қасірет жоқ. Мұндай өзекті өртейтін жағдайда сабыр сақтап, бекем болыңыз. Ұлыңыздың жаны жәннатта, иманы саламат болсын! Шаңырағыңызға тек жақсылық тілеймін! – делінген Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға