Жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Регистан» алаңында тал егу шарасына қатысты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Мемлекет басшысы «Регистан» алаңында тал егу шарасына қатысты
Фото: Ақорда 11.11.2022 15:49 1103

Мемлекет басшысы Самарқан қаласындағы «Регистан» алаңында тал егу шарасына қатысты, деп хабарлайды El.kz

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысушы елдердің басшыларымен бірге Самарқан қаласындағы «Регистан» алаңында тал екті.

Түркі дүниесінің бірлігі бекем болсын деген тілекпен Өзбекстанның 14 өңірінде, еліміздің Түркістан қаласында және Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Мажарстан мемлекеттерінің астаналарында көшеттер бір мезетте отырғызылды.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөз алған Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның қызметін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді түрде дәріптеуді ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға