Мемлекет басшысы "Қазақстан барысы-2025" турнирінің жеңімпазын құттықтады

 Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Мемлекет басшысы «Қазақстан барысы – 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Марат Байқамұровты қазақ күресінен «Қазақстан барысы – 2025» турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты. Мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береді, - деп жазылған құттықтау мәтінінде. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін елордада қазақ күресінен өткен "Қазақстан барысы-2025" турнирінде павлодарлық Марат Байқамұров чемпион атанды. Ол финалда аталған турнирдің өткен жылғы жеңімпазы, семейлік Ерасыл Қажыбаевтан басым түсті. Ал үшінші орынға маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов тұрақтады. 

 

Оқи отырыңыз