Жаңалықтар

Мемлекет басшысы қаза тапқан кеншілердің жақындарымен кездесіп көңіл айтты

Мемлекет басшысы қаза тапқан кеншілердің жақындарымен кездесіп көңіл айтты
Фото: Берік Уәлидің әлеуметтік желідегі парақшасынан 28.10.2023 14:13 897

Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап. 

Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.

Мемлекет басшысы қаза тапқан кеншілердің жақындарымен кездесіп көңіл айтты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға