Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін атап өтпейді

 Ақорда
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты салтанатты іс-шаралар жоспарланбаған. Президент туған күнін атап өтпейді, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда дүниеге келген.

Оқи отырыңыз