Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Павлодар облысының креативті жастарымен кездесті

Мемлекет басшысы Павлодар облысының креативті жастарымен кездесті
Фото: Ақорда 09.08.2023 19:23 647

Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың жетістіктеріне жоғары баға беріп, еліміздің келешегі жоғары технологиялардың даму деңгейіне байланысты екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бір ғана Павлодар облысында осыншама талантты жастар бар. Сондықтан сіздер еліміздің экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатындарыңызға ешқандай күмәнім жоқ. Мен жастарға әрдайым көңіл бөлемін. Біздің жастарымыз, ең алдымен, ұқыпты, еңбекқор, ойы ұшқыр, креативті, іскер болуы керек. Мен жастарға үлкен үміт артамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға