Жаңалықтар

Мемлекет басшысы онкологиялық ауруларды ерекше бақылауға алуды тапсырды

Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
Мемлекет басшысы онкологиялық ауруларды ерекше бақылауға алуды тапсырды
Фото: Ақорда 28.09.2022 19:32 1423

Президент ауыл халқының 100 пайызын сапалы алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етуді көздейтін жобаның әлеуметтік маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Бұл – мемлекет ретінде біздің міндетіміз. Алайда бұл атқарылатын барлық жұмыстың ең аз бөлігі. Сондықтан жобаның екінші компоненті – ауыр дертке шалдыққандарға және жарақат алғандарға сапалы көмек көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік беретін көпбейінді ауруханалардың құрылысына қатысты мәселе де маңызды. «Алтын сағат» қағидасын бекер ұстанбайды – науқасты жабдықталған ауруханаға неғұрлым тез жеткізсе, оның өмірін сақтап қалуға соғырлым мүмкіндік мол. Бұл бастама қанайналым жүйесінің ауруы салдарынан адам шығынын азайтуға  айрықша тиімді әсер етеді деп үміттенеміз. Еліміздегі азаматтардың 35 пайызы осы аурудан көз жұмады. Қазақстанда ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда, инсульт пен инфаркттан  2 есе көп қайтыс болады. Тіпті, жастарымыз да көз жұмып жатыр. Соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған көпбейінді  ауруханалар желісі – бұл ұлт саулығына қосылған зор үлес әрі тиімді шешім, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы онкологиялық ауруларды ерекше бақылауға алуды тапсырды

Мемлекет басшысы онкологиялық аурулардың алдын алу және емдеу мәселелерін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Президент ұлттық жобалардың нақты нәтижелеріне қол жеткізудің маңыздылығын ерекше атап өтіп, олардың іске асырылуына мониторинг жүйесін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ отырыста Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы мәселе қарастырылды. 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға