Мемлекет басшысы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

 Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президентке жаңартылған заңнамаға сай республикалық референдумға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясын іске асырудың негізгі аспектілері баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз