Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Марокко королін құттықтады

Мемлекет басшысы Марокко королін құттықтады
Фото: Ақорда 28.07.2023 11:03 658

Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедті Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Марокко арасындағы сенімді қарым-қатынастың одан әрі жандана беретініне сенім білдіріп, VI Мұхаммедтің қызметіне табыс тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға