Жаңалықтар

Мемлекет басшысы: Әлем әскери қақтығыстардың құрбанына айналды

Біз бірінші рет екі буыннан кейін ядролық қаруды қолдану қаупімен бетпе-бет келдік.
Мемлекет басшысы: Әлем әскери қақтығыстардың құрбанына айналды
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі 21.09.2022 00:01 852

Басты халықаралық мінберде сөз алған Қазақстан Президенті БҰҰ-ның штаб-пәтеріндегі бүгінгі кездесу әлем геосаяси текетірестің жаңа кезеңіне қадам басқан адамзат үшін сындарлы кезеңде өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz.

"Тәртіп пен жауапкершілікке негізделген әрі бұрын қалыптасқан халықаралық жүйенің орнын хаос пен болжауға келмейтін жағдай басып жатыр. Жаһандық тежеу мен тепе-теңдік жүйесі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтай алмады. Қауіпсіздік архитектурасы жойыла бастады. Әлемдік державалар арасындағы өзара сенімсіздік жылдам артып келеді. Әлем әскери қақтығыстардың жаңа толқынының құрбанына айналды. Біз бірінші рет екі буыннан кейін ядролық қаруды қолдану қаупімен бетпе-бет келдік", – деді Президент.


Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды кедергілермен және экономикалық оқшауланумен байланысты проблемаларды атап өтті. Оның айтуынша, экономикалық және саяси санкциялар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тізбегін жойып, миллиондаған адамдарға, әсіресе қоғамның осал топтарына қауіп төндіретін «жаңа қалыпты жағдайға» айналды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға