Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президентіне  көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: akorda.kz 30.10.2022 15:38 1691

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ëльге Сеулде болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz.

– Сеул қаласының Итэвон ауданында көптеген адамның қаза тапқаны жөніндегі суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай ауыр сәтте еліміздің азаматтары және өзім Корея халқының орны толмас қайғысын бөлісіп, олармен бірге екенімізді айтқым келеді, – деп жазылған жеделхатта. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға