Жаңалықтар

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда 06.09.2022 19:02 824

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге жолдаған жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаев Сычуань өлкесінде орын алған жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жазды.

– Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Қытай халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апатта жараланғандардың тез арада сауығып кетуін және із-түссіз жоғалғандардың отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін, – деп жазылған Президенттің жеделхатында.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға