Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Финляндия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Финляндия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: t.me/aqorda_resmi 06.12.2023 09:32 437

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Саули Ниинистёні және фин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады. . Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сіздің еліңіздің гүлденген мемлекет құру, жаһандық бейбітшілікті, климат мәселесін және орнықты даму мақсаттарын ілгерілету ісіндегі орасан зор жетістіктеріне сүйсіне қараймыз. Финляндия – Қазақстанның Еуропа Одағындағы бұрыннан келе жатқан сенімді серіктесі. Сондай-ақ біз энергетика, инвестиция, «жасыл» өсім және басқа да көптеген сала бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз, – делінген жеделхатта.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы «2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға