Жаңалықтар

Мемлекет басшысы елорда тұрғынына тонометр сыйлады

Мемлекет басшысы елорда тұрғынына тонометр сыйлады
Фото: gov.kz 24.03.2023 17:14 556

Елімізде «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Акция аясында еріктілер мен белсенді азаматтар халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына: көпбалалы отбасылардың, ерекше қажеттіліктері бар жандардың, зейнеткерлердің және т.б. өтініші мен тілектерін орындауға көмектеседі.

Осыған дейін Мемлекет басшысы акцияға қатысушылармен кездесіп, сандықшадан хаттардың бірін таңдаған болатын. Өтініште Астана тұрғыны тонометр сұрағаны жазылған. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Гүлжахан Сыдықовамен кездесіп, Мемлекет басшысының атынан тонометрді табыстады. Сондай-ақ оған материалдық көмек көрсетіліп, санаторийге жолдама беріледі. Гүлжахан Сыдықова Президент пен «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысушыларға алғысын білдірді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға