Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны Australian Open турниріндегі жеңісімен құттықтады

 ҚР теннис федерациясы
Фото: ҚР теннис федерациясы

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады. 
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін! - деп жазылған құттықтауда.
Естеріңізде болса, Елена Рыбакина бүгін Australian Open теннис турнирінің финалында Белорус теннисші Арина Соболенкодан 2:1 есебімен басым түсті. Осылайша отандық теннис шебері өз мансабында Үлкен дулыға турнирінде екінші рет жеңіске жетті. Ол 2023 жылы аталған турнирдің финалына дейін жеткен болатын. 

Оқи отырыңыз