Жаңалықтар

Мемлекет басшысы боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады
Фото: akorda.kz 15.10.2023 11:16 512

Мемлекет басшысы боксшы Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  
 
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың кәсіби боксшысы Жәнібек Әлімханұлын WBO және IBF тұжырымдарынан әлем чемпионы атағы үшін германиялық Винченцо Гуальтиеримен өткен жекпе-жектегі жарқын жеңісімен құттықтады.

Жәнібек қазақ бокс мектебінің жоғары деңгейі мен мықтылығын әлемге тағы да паш етті. Бұл жеңіс бокспен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады. Сізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Жеңістен жеңіске жете беріңіз, - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға