Жаңалықтар

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Фото: Ақорда 06.02.2023 18:25 704

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық активтер және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға