Мемлекет басшысы бірқатар сенатордың өкілеттігін тоқтатты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарының өкілеттіктері тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары:
Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың;
Владимир Васильевич Волковтың;
Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың;
Нұртөре Байтілесұлы Жүсіптің;
Ләззат Молдабекқызы Қалтаеваның;
Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың;
Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің;
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевтың;
Дана Өмірбайқызы Нұржігітованың;
Қанатбек Бейсенбекұлы Сафиновтың;
Ләззат Жаңылысқызы Сүлейменнің;
Серікбай Өтелгенұлы Трұмовтың;
Асқар Оразалыұлы Шәкіровтің өкілеттіктері тоқтатылды.
