Жаңалықтар

Мемлекет басшысы бірнеше Заң жобасына қол қойды

Мемлекет басшысы бірнеше Заң жобасына қол қойды
Фото: akorda.kz 20.05.2024 19:41 737

Қазақстан Президенті екі Заң жобасына қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп жазылған Ақорда таратқан ақпаратта. 

Сондай-ақ, мұнай тасымалдауға қатысты ынтамақтастық туралы құжатқа Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойып отыр. 

Мемлекет басшысы «2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп ақпарат таратты Ақорданың баспасқөз қызметі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға