Кездесу барысында балалардың денсаулығы мен әлеуметтік тұрғыда қорғалуына, сондай-ақ балаларға жасалатын зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекетке қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысына Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің атқарған қызметі туралы есеп берілді.
Президент кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін пәрменді шаралар қабылдау, сондай-ақ жетім балалардың құқықтарын қорғауға берілген кепілдікті сақтау, мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау маңызды екеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бала құқығын қорғау және денсаулығын сақтау жүйесін нығайту аса маңызды екенін атап өтті. Сондықтан балаларды қорғауға қатысты барлық ұсыныс пен бастаманы жүзеге асырмас бұрын мұқият зерттеу қажет.
Мемлекет басшысы туындаған түйткілдерді шешуге тікелей атсалысу үшін Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің жергілікті жердегі жұмысын жандандыру қажет екеніне назар аударды.
Президент Бала құқықтары жөніндегі уәкілге бірқатар міндет жүктеді.
Атап айтқанда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту, балаларға қатыгездік жасау фактілеріне дер кезінде мән беру, буллингке қарсы күресу, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидке итермелейтін әрекеттердің алдын алу, арнайы білім алуға мұқтаж балаларды қолдау, сондай-ақ жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударуды тапсырды.
Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинді қабылдады
Оқи отырыңыз
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев