Президент әрқайсысының сыйымдылығы 3000 текше метр болатын «Балқаш» таза ауызсу станциясының екі резервуарының және сорғы станциясының құрылысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Каптаж», «Бастау» тоғандарынан және «Медеу» сүзгі станциясынан келетін судың осы резервуарларда жинақталып, зарарсыздандырылатыны жөнінде мәлімет берілді. Тазаланған ауызсу арнайы орнатылған сорғылардың көмегімен Каменское плато, Көлсай, Юбилейный және Мұзтау ықшамаудандарының магистральды желілері арқылы таратылады.
Нысанды аралап көру барысында Мемлекет басшысына Алматы қаласын сумен қамту желісінің қазіргі жай-күйі мен даму жоспары туралы баяндалды.
Президенттің тапсырмаларын орындау аясында қала әкімдігі былтыр жаңадан 117 шақырым сумен қамту желісін салып, 46 километр су құбырын жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Аталған шаралар Алматы халқының 99,3 пайызын сумен қамтитын орталық желіге қосуға мүмкіндік берді. Биыл тағы 142 километр су құбырын тартып, 48 шақырым желіге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жыл соңына дейін тұрғындардың 99,6 пайызына су жеткізіп, желілердің тозу деңгейін 53,8 пайызға дейін төмендетуге септігін тигізеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Медеу ауданының 50 мың тұрғынын сумен қамтудың қосалқы схемасын іске қосу жоспары жөнінде мәлімет берілді. Ал Алатау, Бостандық және Наурызбай аудандарының халқын сумен тұрақты әрі сапалы түрде қамтамасыз ету үшін екі тоған салынып жатыр және тағы екеуінің жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы сумен қамту нысандарының құрылысымен танысты
Оқи отырыңыз
12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев23 Сәуір, 17:09
Ерте қартайған Нұржан: Бір кездері ел шулаған тағдыр бүгінде қалай өзгерді?23 Сәуір, 11:31
Қазақстандағы ең ерекше кітапханалар: тарихы мен бүгінгі келбеті