Жаңалықтар

Президент алдағы аптада бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Президент алдағы аптада бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады
Фото: egemen.kz 07.10.2022 10:11 707

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы аптада бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады, деп хабарлайды El.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

▪️11-12 қазанда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидың Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланған.

▪️12-13 қазанда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді.

▪️13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Шара аясында Президент мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

▪️14 қазанда елордамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі және «Орталық Азия – Ресей» саммиті жоспарланған.

▪️15 қазанда Қазақстанға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға