Жаңалықтар

Мектептерде сабақтардың уақыты өзгереді

Мектептерде сабақтардың уақыты өзгереді
Фото: t.me/KZgovernment 20.02.2024 17:32 1424

Мектептерде бірінші ауысымдағы сабақтардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 1 наурызда білім ошақтарының жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін. Министрдің сөзінше, жергілікті әкімдіктер мектептерде сабақтардың басталу уақытын қайта қарастыра алады.

Мысалы, оқуды таңғы 8:00-де бастайтын білім ошақтары уақытты 8:30-ға ауыстыруға болады. 

Бұл жерде оқу уақытына келетін болсақ, әрине, біз жергілікті атқарушы органдарға қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақытын қайта қарауға мүмкіндік береміз. Бұл жерде ешқандай кедергі жоқ. Мысалы, таңғы сағат 8.00-де басталатын мектептер 8.30-да басталуы мүмкін. Әрине, мүмкіндіктер бар, – деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде мектеп оқушыларының мектепте сабақ оқудың орнына намаз оқып отырған видеосы тарады. Бұл жағдайға байланыс оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікірі білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға