Жаңалықтар

Мектептер мен колледждер кітапханашыларының І республикалық байқауы аяқталды

Мектептер мен колледждер кітапханашыларының І республикалық байқауы аяқталды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі 27.10.2023 00:39 366

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Көкжиек-Горизонт» баспасымен бірлесіп ұйымдастырған «Үздік кітапханашы-2023» байқауының қорытындысы шығарылды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ҚР Үкіметінің қаулысымен 24 қазан – Кітапханашы күні болып белгіленді. «Үздік кітапханашы-2023» байқауына еліміздің мектептері мен колледждерінен 1300-ден астам кітапханашы қатысты.

Байқау ғылыми және көркем әдебиетті сақтау, зерттеу және насихаттау бойынша озық тәжірибелерді анықтауға бағытталған.

Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды: 1 орын – Қостанай облысындағы мектептің кітапханашысы Римма Егороваға; 2 орын – Павлодар қаласындағы № 7 ОБМ КММ кітапханашысы Гүлжан Тукеноваға; 3 орын – «TAMOS EDUCATION физика-математика мектебінің» кітапханашысына бұйырды.

Еске салайық, ҚР Үкіметінің қаулысымен 24 қазан – Кітапханашы күні болып белгіленген. Бүгінде мектеп кітапханашыларына педагог мәртебесін беру мәселесі қарастырылуда.

Бұдан басқа, биыл Оқу -ағарту министрлігі жалпы білім беретін мекемелердегі 2165 кітапханашының біліктілігін арттыру курстарын өткізуді жоспарлауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға