Жаңалықтар

Мектептегі сыныптастар кездесуіне барған әйелді күйеуі атып тастады

29.05.2025 15:36 16177
Мектептегі сыныптастар кездесуіне барған әйелді күйеуі атып тастады

Ош облысының Өзген ауданында 40 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Бұл туралы Ош облыстық ішкі істер басқармасы хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыс қызғаныш себептерінен орын алған. Олардың айтуынша, күдікті әйелін мектепте бірге оқыған сыныптастарының кездесуіне барғаннан кейін бұрынғы парталасынан қызғанып, соққыға жыққан және оқ атқан.

Ер адам әйелін ұрып-соғып, кейін оған оқ атқан, – деп нақтылады ішкі істер басқармасында.

Ош облысының Өзген аудандық ішкі істер бөліміне 26 мамыр күні Кара-Кульджин ауданында тұратын 1987 жылы туған А. Э. есімді әйелдің жарақат алып, ауруханаға бара жатқан жолда қаза тапқаны туралы хабарлама түскен.

Оқи отырыңыз:

Аталған оқиға бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта 40 жастағы ер адам. ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға