Жаңалықтар

Мектепте жарылыс болып, жеті оқушы қаза тапты

Мектепте жарылыс болып, жеті оқушы қаза тапты
Фото: © Pixabay.com 31.01.2024 14:47 3553

Нигерияда мұсылман мектебінде бомба жарылып, жеті оқушы оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының таратқан мәліметіне сүйенсек, жарылғыш затты балалардың өзі қолдан жасап, білім ордасының әлі аяқтала қоймаған кабинетіне жасырғаны белгілі болды.

Олар осы затқа қызығушылық танытып, сатып алғысы келген адамдарға көрсеткен. Жарылыс осы кезде орын алыпты.

Жарылыс үшін жауапкершілікті ешқандай топ өз мойынына алмады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға