Жаңалықтар

Мектеп оқып жүргенде калькуляторсыз есептеу формуласын ойлап тапқан

Мектеп оқып жүргенде калькуляторсыз есептеу формуласын ойлап тапқан
Фото: El.kz 20.11.2022 20:38 973

Мектепте оқып жүрген кезінде калькуляторсыз есептеу формуласын ойлап тапқан студент «Экспресс камера» алаңында қонақта болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол бүгінде ЕҰУ-ның ақпараттық технологиялық факультетінің 2 курсында оқиды. Бек Мұсабек калькуляторсыз есеп шығаруға арналған 34 формуланы Талапкер ауылдық орта мектебінде оқып жүрген уақытта ойлап тапқан.

«Мұны ойлап тапқа себебім 8 сыныпта алгебра сабағында көбінесе түбір асты және квадрат есептері жиі кездесті. Кейін 9 сыныпқа көшкесін, онға дейін квадратты жатқа білгеніммен оны екі есе түрлендіріп, жиырмаға дейін есептейтін формуланы ойлап таптым», - дейді жас математик.

Ұстазы Нұргүл Рахыманқызы оқушысының дарынын уақыт өте келе байқаған.

«Мұндай баланың 9 сыныпта осындай формула ойлап табатынын ойламадым. Басында кішкене күмәнім болды. Кейін формуланы іздестіре келе, ешқайда жоқ жаңа тәсіл мен бағыт екенін білдім. Содан бері оқушымды демеп, қолдау үстіндемін. Ғылыми жоба жазып, «Жас дарын» деген республикалық сайысқа қатысып бас жүлдені жеңіп алдық», - дейді ұстазы Нұрүл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға