Жаңалықтар

Мектеп оқушысы жемқорлыққа қарсы ойын шығарды

Мектеп оқушысы жемқорлыққа қарсы ойын шығарды
Фото: gov.kz 09.12.2023 20:12 552

Бородулиха ауданы Жезкент кентінің мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Нұрали Амангелдіев оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыратын «Сатылмайтын Алпамыс» компьютерлік ойнын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар» бағыты бойынша үздік жоба үшін 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Жобаның басты идеясы - білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.

Оқушының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың нақты жағдайлары негізінде көркем роман форматында әзірленген, бұл ойыншыға сыбайлас жемқорлықтың салдарын тереңірек түсінуге көмектеседі. Әр эпизодтың соңында ойыншыға Қылмыстық кодекске түсініктеме беріледі.

Ойынның соңғы миссиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама саласындағы білімдерін кеңейту. Ойынның соңында көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады.

Айта кетейік, Нурали өз жұмысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың І республикалық байқауына ұсынған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға