Жаңалықтар

Мектеп оқушылары информатика кабинетінде порно сайттарына еркін кіріп жүрген

Мектеп оқушылары информатика кабинетінде порно сайттарына еркін кіріп жүрген
Фото: © Pixabay.com 14.11.2023 16:28 827

Алматы облысында мектеп оқушылары информатика кабинеттерінде порно сайттарына кіріп жүрген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Білім ордасында 452-​​информатика кабинетінде тыйым салынған жағымсыз контентке оқушылардың еркін қол жеткізу фактілері анықталған.

Мониторинг барысында оқушылардың әртүрлі суицидтік және порнографиялық сайттарға кіргені анықталды. Тексеруден кейін облыстағы барлық білім беру ұйымдарында мұндай сайттарға кіруге шектеулер қойылды, - деді прокурорлар.

Прокурорлардың талап-арызымен аталған сегіз интернет-ресурс соттармен заңсыз деп танылды. 48 мектеп қызметкері жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға