Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы хабарлағандай, енді полиграфиялық ақау, сондай-ақ пәндік сараптама комиссиясы бекіткен нұсқадан ауытқу нәтижесінде кеткен қателер мен басқа да кемшіліктер анықталған жағдайда, оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді баспа өз есебінен ауыстыруға міндетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Біз мұндай құқықтық норма арқылы барлық тараптардың өзара жауапкершілігін күшейту мектептегі оқу әдебиетінің сапасын арттыруға оң әсер етеді деп санаймыз», – дейді орталық басшысы Елдос Нұрланов.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы үш жылда ҚР Оқу-ағарту Министрлігі мемлекеттік сараптама рәсімдерінің объективтілігін арттыруға, сарапшыларға, авторларға және оқулықтарға қойылатын талаптарды нақтылауға бағытталған бірқатар заңнамалық шаралар қабылдады.
2020 жылы сараптама жүргізу процесі толығымен құпиялық режимге ауыстырылды. Министрлік сайтында pdf және epub форматындағы қағаз оқулықтардың электрондық нұсқалары ашық орналастырылып, авторлар көрсетілмейтін болды. Бұл сараптаманың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ететінін шара.Сондай-ақ баспаларға ішкі сараптама жүргізу, авторлардың оқу әдебиеттерін әзірлеудің әдіснамасы, оларды бағалау критерийлері бойынша оқыту курсынан өткізу жауапкершілігі жүктелді.
Мектеп оқулықтарын шығаратын баспаларға талап күшейді
Оқи отырыңыз
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді