Жаңалықтар

Мектеп кітапханалары 3,6 млн көркем әдебиетпен қамтамасыз етілді

Мектептерде «Оқуға құштар мектеп» жобасы іске асырылып жатыр
Мектеп кітапханалары 3,6 млн көркем әдебиетпен қамтамасыз етілді
Фото: ult.kz 01.11.2022 11:31 1931

Балаларды кітап оқуға баулу жұмыстары жүйелі түрле ұйымдастырылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды El.kz

«Оқуға құштар мектеп» жобасы іске асырылады. Соңғы екі жылда мектеп кітапханаларына 3,6 млн дана балалар көркем әдебиеті сатып алынды, оның 71%-ы мемлекеттік тілде. Бұл керемет жоба. Одан әрі көркем әдебиет қоры жаңартылады, әсіресе қазақ тіліндегі ғылыми-фантастикалық әдебиетпен, танымдық әдебиетпен қамтамасыз ету жұмысы жалғасады», - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға