Жаңалықтар

Меккеге бағыт алған автобус апатқа ұшырап, 20 адам қаза болды

Меккеге бағыт алған автобус апатқа ұшырап, 20 адам қаза болды
Фото: saudigazette.com 28.03.2023 14:08 2645

Меккеге барар жолда автобустың бірі апатқа ұшырап, 20 жолаушы қаза тапты, тағы 29 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Saudigazette.com.sa басылымының мәліметіне жүгінсек, жол апаты Абха қаласын Махаил-Асир губернаторымен байланыстыратын Ақаба ауданындағы жолда болған. Жолаушылар автобусы Асир провинциясынан Меккеге бет алыпты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, апат тежегіш жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінен болған. Автобус көпірге соғылып, аударылып, өртеніп кеткен. Зардап шеккендер оқиға орнына жақын ауруханаға жеткізілді.

Азаматтық қорғаныс және Сауд Арабиясының Қызыл Жарты Ай командалары, сондай-ақ қауіпсіздік органдары апат туралы ақпарат алғаннан кейін оқиға орнына жетіп, құтқару жұмысын жүргізіп жатыр. Жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға