©Pixabay.com

Медициналық ЖОО студенттерінің шәкіртақысы 134 мың теңгеге дейін өскен

24.06.2025 16:39 2396

2025 жылы медициналық білімнің барлық деңгейі бойынша стипендия орта есеппен 20%-ға өсті. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мысалы, медициналық жоғары оқу орындарындағы студенттердің шәкіртақы көлемі былайша ұлғайды:

Бакалавриат студенттері үшін стипендия 2024 жылғы 75 600 теңгеден 2025 жылы 84 000 теңгеге дейін өсті;

Интернатура студенттері үшін — 94 863 теңгеге дейін;

Резидентура бойынша — 134 664 теңгеге дейін.

Сонымен қатар Сұлтанғазиев 2025 жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарында үшінші курс студенттері үшін міндетті тәуелсіз емтихан енгізілетінін атап өтті. Бұл емтихан студенттердің базалық білім деңгейін объективті бағалауға және оқу ынтасын арттыруға бағытталған.