Медициналық сақтандыру қоры комиссиялық сыйақының шекті мөлшерлемесін көтермек
25.08.2024 22:41
627

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры комиссиялық мөлшерлемені көтеруді жоспарлап отыр. Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпаратық агенттігі.
Құжат үкімет қаулысының қолданыстағы редакциясына өзгерістер енгізеді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметін жүзеге асыруға арналған комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы есепті айда қордың шотына түскен активтер мөлшерінің 1,66 пайызынан аспайтын болып белгіленсін, - деп жазылған қаулы жобасында.
Бүгінде комиссиялық сыйақы мөлшерлемесі 1,56 пайызды құрайды.
Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген 8 күдікті қамалды
Келесі жаңалық
СҚО-да туристер саны жылына 280 мың адамға дейін жетпек