Жаңалықтар

Мбаппе мансабын «Реал Мадридте» жалғастырады – PSG COMMUNITY

Мбаппе мансабын «Реал Мадридте» жалғастырады – PSG COMMUNITY
Фото: instagram.com/k.mbappe 24.06.2023 08:28 792

ПСЖ шабуылшысы Киллиан Мбаппе мансабын «Реал Мадридте» жалғастырады. Бұл туралы PSG COMMUNITY Twitter-де жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Килиан Мбаппе және ПСЖ – бәрі аяқталды! Шабуылшы осы жазда «Реалға» қосылады. Эмир мен Флорентино Перес құны 250 миллион еуро (оның ішінде 50 миллион еуро бонус) болатын трансфер туралы келісімге келді, - делінген хабарламада.

Мбаппенің ПСЖ-мен қазіргі келісімшарты 2024 жылға дейін есептелген және ойыншының өзі бұған дейін жазғы трансферлік терезе кезінде клубтан кету туралы ойы жоғын айтқан.

Мбаппе 2017 жылдан бері Париж клубында 260 матч өткізіп, 212 гол соғып, 98 нәтижелі берді. Ол сондай-ақ өз командасының құрамында бес дүркін ел чемпионы болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға