Жаңалықтар

Мәжілістегі өкілеттігін ерте тоқтатқан депутат пікір білдірді

Мәжілістегі өкілеттігін ерте тоқтатқан депутат пікір білдірді
Фото: parlam.kz 24.01.2024 10:23 894

Жалпы отырыста Мәжіліс депутаты Динара Шүкіжанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралды. Бұған дейін оның өтінішіне байланысты Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы шығарған болатын, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов ҚР Конституциясының 52 бабына, ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы ҚР Конституциялық заңының 24 бабы 3 және 8 тармақтарына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Динара Шүкіжанованың өтінішіне байланысты оның өкілеттілігін мерізімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізілгенін айтты.

Ұсынымға мәжіліс отырысына қатысып отырған 93 депутаттың 90 депутаты жақтап дауыс берді. 2 депутат қалыс қалды.

Құрметті Ерлан Жақанұлы! Құрметті әріптестер! Мәжіліс қабырғасында алған тәжірибем үшін сіздерге шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Бұл өлшеусіз тәжірибе болды. Мәжіліске келмес бұрын депутаттардың мойнында ауқымды жұмыс пен жауапкершілік жатқанын білмеген едім. Менің бастамаларым партияластарыммен жалғасын табатын болады. Мен «Республика» партиясының тең төрағасы болып қала беремін және халық пен бизнестің мүддесін көрсетуді жалғастыра беретін боламын. Мен өңірдердегі өндіріс саласына ораламын. Өнеркәсіпті дамыту және жаңа инвесторларды тарту арқылы әрі қарай да экономикамызға өз үлесімді қосуды жалғастыра беремін деп ойлаймын, - деді Динара Шүкіжанова Мәжілістегі соңғы сөзінде.

Айта кетейік, 37 жастағы  Динара Шүкіжанова Қостанай облысының тумасы. 2011 жылы "Агромашхолдинг KZ" АҚ-ға жұмысқа шақырылып, 2022 жылы аталған компанияның президенті болып тағайындалған. Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі болып табылады. "Қазақстанның 100 жаңа есімі "республикалық байқауының жеңімпазы. 

Мәжілісте Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі. Respublica партиясының негізін қалаушылардың бірі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға