Жаңалықтар

Мәжілісте жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы таныстырылды

Мәжілісте жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасы таныстырылды
Фото: El.kz 06.04.2023 15:29 990

Бұл туралы Мәжіліс отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Заңда аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде азаматтардың ашық дауыс беруі арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органы кеңес қалыптасатыны айтылған.

Сондай-ақ, кеңес мүшелерінің саны тұратын азаматтардың санына және ауылдық округтегі елді мекендердің санына байланысты болады. Бұл ретте кеңесте ауылдық округтің құрамына кіретін әрбір елді мекеннен өкілдік қамтамасыз етіледі. 

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков ауылдық округ деңгейінде азаматтардың ашық дауыс беру арқылы 4 жыл мерзімге жергілікті өзін-өзі басқару кеңесі ұсынылатынын тілге тиек етті. 

Кеңес құру өз аппаратының болуын көздемейді. Оның қызметін әкім аппараты қамтамасыз ететін болады. Кеңес төрағасы кеңес мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы сайлану және осы лауазымы тұрақты жергілікті бюджеттен төлену ұсынылады. Бюджетті бекіту құқығын кеңес атынан тікелей жергілікті тұрғындарға береміз, – деді министр. 

Сондай-ақ ол кеңес өзге де құжаттарды оның ішінде жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларын, абаттандыру ережелерін, әкім аппараты азаматтарға көрсететін ақылы қызметтер тізбесін, көше саудасы мен мерекелік іс-шараларды өткізу орындарын бекітеді деп айтты.

Бұған қоса кеңес шешімдерінің күшін жоюды кеңес өзі, аудан әкімі, сондай-ақ сот тәртібімен қарастырылатынын айтты. Тиісті өзгерістер «Құқықтық актілер туралы» заңға енгізілмек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға