Жаңалықтар

Мәжілісте жаңа ұлт тұлғаларын көреміз

Мәжілісте жаңа ұлт тұлғаларын көреміз
Фото: adebiportal.kz 24.03.2023 09:52 731

Мемлекет Басшысы ұсынған әлеуметтік Әділетті Қазақстан ұстанымы сайлаушылары қолдаған жаңа депутаттарымыз үшін ортақ ұғым, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

1999 жылдың қоңыр күзінде Мәжіліске партиялық тізімсіз соңғы сайлау өтті. Атыраудан Фариза Оңғарсынова мен Жамбылдан Шерхан Мұртаза Мәжіліске депутат болды. Сол сайлау ұлтымыздың дара тұлғалары үшін ауыр өтті.

Бүгін  сайлауды сараптаудамыз. Қалаларда халық таңдауға аз барды. 30-40 кандидат таласқа түскен кейбір учаскіде бір дауысқа да ие болмағандар кездесті. Ұзақ жылдардан соң демократия есігін қайта ашу белгісі бұл. Демек енді Халықпен тұрақты түрде жақын жүріп, билікке сөзін өткізіп, оны іске асыратындар ғана мандатқа ие болмақ.

Бұл Мәжілісте жаңа Ұлт тұлғаларын көреміз. Дихан Қамзабекұлы, Дәулет Тұрлыханов, Нұртай Сабильянов, Ермұрат Бәпи. Алдыңғы үшеуі «AMANAT» партиясынан. Мәжілістегі жалғыз академик Дихан ғылым, Turlykhanov Daulet Bolatuly Дәулет спорт, Нұртай ауыл саласына жетекшілік етері сөзсіз. Төртеу түгел болса төбедегі келеді! Төртеуі де өткен шақырылымда депутат болған жоқ.

Жаңа Заман – жаңа Мәжіліс депутаттары. Шер-аға мен Фариза салған ұлтқа қызмет етуді мұрат еткен ел азаматтары!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға